Қазақ ұлттық өнер университетінің ұжымы Медицина қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтайды

Құрметті медицина саласының қызметкерлері! Ақ халатты абзал жандар!
Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – Медицина саласы қызметкерлерінің күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Жас пен кәрінің дерті жан таптырмаған сәтте көмек қолын созып, аянбай еңбек етіп жүргендеріңізге көп рақмет! Ерен еңбектеріңізге, шипалы алақандарыңызға, мейірімді жүректеріңізге алғысымыз шексіз. Әлемде орын алған қиын жағдай кімнің нағыз батыр екенін көрсетті. Қаруларыңызды алып, батыл қадаммен алдыңғы сапқа шықтыңыздар. Ұлт денсаулығы үшін өздеріңіздің өмірлеріңізді қиып, аянып қалмадыңыздар!
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев: «Басты міндет – азаматтарымыздың денсаулығын сақтап, өмірін қорғап қалу» — дей отырып медицина қызметкерлеріне көмек көрсету, медицина саласының беделін арттыру, тиімді еңбек етуге қажетті барлық жағдайларды туғызу керектігін баса айтқан болатын. Президентіміздің айтқан сөздерінен кейін, еңбектеріңіз елеусіз қалмайтынына көзіміз жетіп отыр.
Осындай мерекелік күнде барлық дәрігерлеріміз бен мейірбикелерге, денсаулық сақтау ардагерлері мен ұйымдастырушыларына, медициналық білім, ғылым, кәсіби медициналық қауымдастықтар қызметкерлеріне алғысымызды білдіреміз. Сіздерді төл мерекелеріңізбен құттықтай отырып, отбасыларыңызға амандық, дендеріңізге саулық тілейміз!

Қазақ ұлттық өнер университетінің ректоры,
профессор
Айман Мусахаджаева және
университет ұжымы

Похожие пост