Миссия

       ҚР БҒМ қарасты Қазақ ұлттық өнер университеті – еліміздегі шығармашылық бағытта жұмыс жасайтын, мәдениет пен өнер саласында қызмет ететін мамандар даярлайтын ірі жоғары білім ордасы. Біздің университеттің қызметі жоғары деңгейде, рейтингтік көрсеткіштері де биік, жоғары оқу орындарының арасында алдыңғы қатарда. ҚазҰӨУ республикамыздың солтүстік, орталық-шығыс аймақтары үшін, жалпы, біртұтас мемлекетіміздің мәдени және интеллектуальды деңгейін дамыту мақсатында қызмет етеді. 

Біз өз қызметімізде қалыптасқан берік дәстүрлер мен заманауи ілгерілеушілік тенденцияларға арқа сүйейміз:
  • «Қазақстан -2050» стратегиялық дамуға сай экономикалық білімді қалыптастыру мақсатында білім, ғылым және мәдениет салаларын біріктіретін инновациялық ұстаным;
  • Әлемдік білім жүйесіне қосылуға ұмтылу;
  • Университеттің профессорлық-оқытушылық құрамы, ұжымдағы әр қызметкер өз кәсібінің маманы болуы шарт және жоғары деңгейге сай болуы тиіс;
  • Қызметтердің барлық түрінде менеджменттік жүйенің принциптерін қолдану;
  • Университет түлектерімен тығыз байланыс орнатып, бірлесе қызмет ету. 

ҚАЗҰӨУ миссиясы:

Қазақстан Республикасында мәдениет, өнер және көркем өнер салалары бойынша ұлттық элита дайындау мақсатында әлемдік заманауи талаптарға сай сапалы білім беру. 

ҚазҰӨУ қызметіндегі стратегиялық бағыттар:
  • Инновациялық білім беру қызметі; 
  • Мәдени-ағартушылық қызмет; 
  • әлемдік мәдени және білім жүйелерге қосылу; 
  • Университетті басқарудың тиімділігін арттыру; 
  • Тәрбие жұмысы және әлеуметтік мәселелердің қамтылуы. 

ҚазҰӨУ басшылығы және ұжымы университетті инновацялық типте, үздіксіз білім беру үлгісін (мектеп-колледж – бакалавриат – магистратура - докторантура ) қалыптастыра отырып, Қазақстанның мәдениеті, ғылым мен білім салаларындағы имиджінің халықаралық деңгейде қалыптасуына ұмтылыс таныту арқылы Миссияны берік ұстанады.