Қазақ ұлттық өнер университеті

        ҚазҰӨУ – Қазақстан Республикасындағы жас, келешегі зор оқу орындарының бірі. Университет өз кезегінде №1 балалар музыка мектебі мен Ақмола өнер колледжін біріктіру арқылы жасақталған Қазақ ұлттық музыка академиясы негізінде ұйымдастырылды.

Музыка академиясы білім берудің барлық буындары – мектеп, колледж, ЖОО біріктірген үздіксіз кәсіби білім беру идеясы негізін қалайтын бірегей жоба болып табылады.

Музыканттарға музыка әлеміндегі алғашқы қадамынан бастап кәсіби шеберлікті толық меңгергенге дейін оқу орнының қабырғасында жүйелі бірізді тәрбие беру туралы Айман Мұсақожаеваның идеясы ҚР Президенті Н. Ә. Назарбаевтың қолдауына ие болды.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 31 наурыздағы №269 қаулысымен Қазақ ұлттық музыка академиясы ашылды. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 1998 жылғы 15 сәуірдегі №28 бұйрығымен Қазақ ұлттық музыка академиясының ректоры болып Қазақстан Республикасының Халық әртісі, профессор Айман Мұсақожаева тағайындалды.

Академияның миссиясы, яғни басты міндеті – еліміздің барлық облыстары мен аймақтарынан келген дарынды балаларға қолдау көрсету, өнер шеберлерінің жаңа толқын буынын жан-жақты білім беріп, тәрбиелеу үшін қажетті жағдайлар туғызу. Осында отандық педагогиканың ең үздік дәстүрлері, әлемдік білім беру үдерісінің заманауи жетістіктерімен біріктірілді.

Профессор-оқытушылар құрамы білім мен мәдениет саласындағы жаңа идеяларды қабылдауға және іс жүзінде жүзеге асыруға қабілетті, тәжірибелі мамандардан жасақталды. ҚазҰМА-да қызмет істеуге республикамыздағы белгілі музыканттар – Мәскеу, Ленинград, Новосибирск, Ташкент, Алматы консерваториясының түлектері шақырылды. Бұлар көптеген конкурс лауреаттарын тәрбиелеген жоғары білікті педагогтар мен орындаушылар, педагогикалық қызметте кеңінен қолданылып жүрген оқу-әдістемелік және ғылыми жұмыстары бар тәжірибелі әдіскерлер мен ғалымдар.

Н. Ә. Назарбаев Академияның 1998 жылғы 2 шілдеде өткен салтанатты ашылуына қатысса, ал 2000 жылы Президент қайта жөндеуден өткен бас ғимаратын барып көрді. ҚР Президенті және ҚР Үкіметінің қолдауымен жаңа оқу ғимараттары салынды. 2005 жылы Орган залы ашылды. «Hugo Mayer Organ Construction» неміс фирмасының органы қолдануға берілді. Орган залындағы тұрақты өтіп жүрген концерттер жоғары оқу орнына елорда мен республиканың мәдени орталығы мәртебесіне қол жеткізді.

ҚР Үкіметінің қаулысымен 2009 жылы елордада өнердің барлық түрін дамыту мақсатында Қазақ ұлттық музыка академиясы Қазақ ұлттық өнер университеті болып қайта құрылды.

2010 жылы мәдениеттану, өнертану, хореография, кескіндеме, мүсін, режиссура (рольдік-ойын және деректі кино), операторлық өнер, сценография (киім, грим-визаж дизайны) тәрізді жаңа шығармашылық мамандықтар ашылды. Қазіргі кезде Университет мектеп-колледждің 7 бағдарламасы, бакалавриаттың 20 бағдарламасы және магистратураның 16 бағдарламасы бойынша мамандар дайындайды. ҚазҰӨУ-де музыка, дәстүрлі өнер, театр, кино және ТД, хореография, көркемөнер және әлеуметтік-гуманитарлық факультеттері жұмыс істейді.

ЖОО-да білім беру үрдісінің көркемдік іс-тәжірибемен байланысы табысты жүзеге асырылуда. Студенттер үшін өндірістік база ретінде Астананың орындаушылық ұжымдары – Астаналық мемфилармонияның симфониялық және эстрадалық оркестрлері, М. Горький атындағы орыс драма театры мен Қ. Қуанышбаев атындағы қазақ музыкалық-драма театры, елорда музыка мектептері мен басқа да мекемелер болып табылады. Студенттер оқу-өндірістік қызметке белсене араласып жүр, өзіндік «шығармашылық зертхана - технопаркінің» қатысушылары болып табылады.

Университет осы жылдар ішінде музыкалық өнер саласындағы 500-ден астам халықаралық конкурстар мен 300-ден астам республикалық конкурстардың лауреаттарын дайындады.

Под руководством Министерства образования и науки РК в университете реализуются программы академической мобильности обучающихся и привлечения ведущих зарубежных ученых, внедряются инновационные образовательные технологии.

ҚазҰӨУ түлектерінің жоғары кәсіби деңгейі олардың еңбек нарығындағы бәсекеге қабілет-тілігін, Астана мен республикадағы шығармашылық және педагогикалық ұжымдарға еңбекке орналасуын қамтамасыз етеді.

Үздіксіз және үдемелі даму Президент Н. Ә. Назарбаевтың Қазақ ұлттық өнер университеті ұжымының алдына қойған негізгі мақсаттарының табысты іске асырылуының көрнекті дәлелі болып табылады.